Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамына «Ирина Кайратовна» тобының режиссері Қуаныш Бейсеков те кірген.
Бұған дейін Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілгенін жазғанбыз.
Оның құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауыл, өңір және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсековтен бөлек, жаңа құрамда Дәулет Мұқаев, Асылхан Төлепов, Алмас Жали, Нартай Аралбайұлы бар.