Өз әрекетімен әлемді дүрліктірген Ресейдің Бейжіңде өтетін қысқы Паралимпиадаға қатыстырылмайтыны белгілі. Ал бұған дейін Паралимпиадада қандай даулы оқиғалар болған?

РЕСЕЙДІҢ ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДАДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

❗1988 жылға дейін КСРО өз елінде мүгедек жоқ деп, Паралимпиадаға қатыспады.
🇧🇻1994 ЖЫЛ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 5-ОРЫН
🇯🇵1998 ЖЫЛ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 5-ОРЫН
🇺🇸2002 ЖЫЛ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 5-ОРЫН
🇮🇹2006 ЖЫЛ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 🥇-ОРЫН
🇨🇦2010 ЖЫЛ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 🥈-ОРЫН
🇷🇺2014 ЖЫЛ: ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 🥇-ОРЫН
🇰🇷2018 ЖЫЛ: НЕЙТРАЛДЫ ТУМЕН 🥈-ОРЫН

ДАУЛЫ ОҚИҒАЛАР:

🇳🇱1980 жыл: Оңтүстік Африка Республикасы апартеид (нәсілшілдік) саясатына байланысты Паралимпиадаға қатыстырылмады.

🇰🇷1988 жыл: Голбол ойынында Иран құрамасы Израиль құрамасымен ойнаудан бас тартты.

🇰🇷1988 жыл: Ливия құрамасы ешқандай тіркеу қағазын жібермей, Оңтүстік Корея жеріндегі Паралимпиадаға жетіп барды. Келіссөздерден кейін, Ливия бақылаушы ретінде ғана қатысты.

🇦🇺2000 жыл: баскетболдан Испания құрамасы Ресейді 87:63 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Бірақ кейін 12 ойыншының 10-ы дені сау адам екендігі анықталып, алтыннан қағылды. Осы оқиғадан соң, баскетболды Паралимпиададан алып тастады.

🇬🇧2012 жыл: диск лақтыру сайысында украиналық Мария Помазан жеңіске жетеді. Салтанатты марапаттаудан кейін, ұйымдастырушылар қате кеткенін айтып, қытайлық Ву Цинның жеңіске жеткенін айтады. Украиналық спортшының алтын жүлдесін тартып алып, қайта марапаттау салтанаты өткен.

🇧🇷2016 жыл: алғаш рет Паралимпиада ойынында ирандық велошабандоз Бахман Голбарнежад сайыс кезінде қаза тапты.

🇯🇵2020 жыл: ядро лақтыру бәсекесінде малазиялық спортшы Мұхаммед Зияд бин Золкефли әлем рекордын орнатып, жеңімпаз атанады. Артынша күміс жүлде алған украиналық спортшы малазиялықтың сайысқа 3 минут кешіккенін айтып, шағым түсіреді. Нәтижесінде Мұхаммед Зияд бин Золкефли алтыннан айырылып, украиналық Максим Коваль алтын алды.

🇯🇵2020 жыл: дзюдодан 81 келіде сынға түскен жапон спортшысы Арамицу Китадзоно жүргізушісіз жүретін көліктің жаяу жүргінші жолағында соғуынан сайысқа қатыса алмайды.