Басты бет Жаңалықтар Әлеуметтік желі: Алаяқтар қандай ақпараттарды пайдаланып кетуі мүмкін?

Әлеуметтік желі: Алаяқтар қандай ақпараттарды пайдаланып кетуі мүмкін?

Конфуцийдің «Үндемеу — ешқашан сатпайтын ұлы дос» деген сөзі бар. Бүгінде бұл тіркестің мәнін ғаламтор пайдалану кезінде ескерген жөн. Өйткені, ғаламтор алаяқтар пайдаланатын ашық дереккөзіне айналды. Одан сақтану үшін кей деректерді жасырған дұрыс.

Байланыс нөмірі
Әлеуметтік желіге телефон нөмірі арқылы тіркелу басталғанда, адамдар өздерінің нөмірімен қуана-қуана бөлісе бастады. Байланысу жеңілдей түсті. Бірақ арасында бейтаныс адамдардың да қоңырау шалуы жиіледі.

Қазір телефон нөміріңізді ашық жариялаудан сақ болғаныңыз жөн. Өйткені, несие алу немесе заң қызметін көрсетуді ұсынып қоңырау шалу үшін ашық дереккөздерден нөмір жинақтайтындар саны артты. Одан бөлек, банк қызметкерімін деп таныстырып, банк картасы туралы ақпарат алатын алаяқтар да бар.

Бұндай қоңырауларға қарсы тұруға болады. Дегенмен, телефон нөмірі көп жерде логин ретінде пайдаланылатынын ескерсек, сіздің аккаунтыңызды бұзу қаупі бар. Олар нөмірге тіркелген картаны қолдануы және жеке деректерді пайдалана отырып, бопсалауы да әбден мүмкін.

Құжаттардың суреті

Құжаттарды ашық дереккөзіне сақтаудан аулақ болыңыз. Бірақ, «Тегімді өзгерттім», «Шетелге кетіп бара жатырмын» деп мақтанышпен әлеуметтік желіге суретін аңғармай жүктеуіміз әбден мүмкін. Бұндай жағдайда алаяқтар сіздің атыңызға несие алып, қылмыстық істер үшін фирма тіркейді.

Маршруттар

Бала кезімізден бөтен адамға тұрғылықты мекенжайды айтуға болмайтынын білеміз. Сол себепті күнделікті жаттығу, жұмыстан үйге дейін маршрутты әлеуметтік желіге жүктемеуді ұсынамыз.

Билеттердің суреті
Билеттерде арнайы штрихкод бар. Оны қайта жасап алу, білікті маман үшін тым оңай жұмыс. Ол кірер сәтте бір-ақ рет сканерлеуден өтеді. Егер билеттің көшірмесін жасаса, залға немесе стадионға төлеген адам емес, ерте келген адам кіре алады.

Дереккөз: Massaget.kz

Exit mobile version