Утилизация алымының жаңа мөлшері көрсетілген кестені ҚР ИИДМ наурызда әзірледі. Құжат Экология министрлігіне тапсырылып, олар тиісті бұйрық жобасын дайындады. Бірақ не үшін екені белгісіз ершікті тартқыштардан алынатын алым мөлшері өзгеріссіз қалды, одан бұрын үкімет көліктің бұл түрі алымнан босатылатынын мәлімдеген.
Бұйрық пысықтауға жолданды. Kolesa.kz редакциясына белгілі болғандай, қорытынды құжатқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары кеше ғана қол қойған. Алым мөлшері қашан төмендейді?
Бұйрық бес жұмыс күні ішінде Әділет министрлігінде тіркелуі керек. Содан кейін 10 күннен соң күшіне енеді.