Хан-Тәңірі шыңы. Айналасындағы өзгелерден әлдеқайда биік тұрған пирамида тәріздес бұл шың Тәңір тауында. Оңтүстік-шығыс жағында Чапаев шыңы, шығысында Саладин шыңы тұр. Шың бойымен батысқа, одан кейін Сарыжаз жотасындағы Семенов шыңына апаратын солтүстік-батыс бағытпен Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара өтеді. Таудың Қазақстанға тиесілі солтүстік беткейлері Солтүстік Иныльчек мұздығының циркіне кіреді. Оңтүстік беткейлері Оңтүстік Иныльчек пен Семенов мұздығына, шығыс беткейлері Разорванный мұздығына (Оңтүстік Иныльчек мұздығының циркі) қарайды.
Кіші Алматы шатқалы Достық даңғылынан бастап Алматы қаласының шекарасы, Медеу саябағына кіретін «Шымбұлақ» шаңғы курортына дейін жалғасады. Шымбұлақтан жоғарғы қарай толығымен Іле Алатауы ұлттық саябағына қосылады. Бұл шатқал қала тұрғындары мен туристер арасында өте танымал. Қалаға жақын болғандықтан инфрақұрылымы жақсы дамыған, қала ішіндегі автобус маршруттары қатынайды. Демалыс орындары көп, әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» шаңғы курортына асфальт жолмен де, фуникулермен де жетуге болады. Шатқал ішіне демалыс күндері жүруге болатын туристік маршурттар да жеткілікті. Көп күндік туристік жорықтар да осы жерден басталып, осы арадан аяқталады.
Алматы қаласының батыс аудандарынан өзге тұстардың барлығынан, яғни оңтүстікке бағытталған кез-келген көшеден сыртқы тұрпаты пирамидаға ұқсайтын шыңды көруге болады. Бұл – Үлкен Алматы шыңы. Пирамиданың батысы мен шығысынан шыңды айналып жатқан шатқал көрінеді. Батысында – Алматы (Проходное) шатқалы, шығысында – Озерное шатқалы. Үлкен Алматы шыңының солтүстік етегінде Озерная және Алматы өзендері қосылып, әр қарай Үлкен Алматы өзеніне айналады. Одан төмен қарай Үлкен Алматы өзеніне оң жақтан шағын ғана Терісбұтақ өзені құяды. Осы үш өзен қосылып, Үлкен Алматы өзенінің алабын құрайды. Шатқалдың атауы өзінің үстінен төніп тұрған шыңның атауынан шыққан. Үлкен Алматы шыңы Іле Алатауының Бас жотасынан бастау алатын Үлкен Алматы жотасының соңғы шыңы болып саналады.
Үлкен Алматы көлі. Көлдегі бөгет қазір теңіз деңгейінен 2511 м биіктікте жатыр. Көл суының сапасы өте жақсы. Қазіргі уақытта бұл көл Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Су электр станциясының салынуына байланысты 1962 жылы бұл су қоймасының суағары реттелген. Табиғи бөгет тағы да 10 метрге көтеріліп, екі жағы бетон плиталармен қапталған, сөйтіп автоматты суреттегіш қойылған. Көл орташа толған кезде ұзындығы 1,5 км, ені 700 метрге жетіп, су айдынының көлемі 0.42- 0,44 км2 құрайды. Тереңдігі 45 м болады