Басты бет Жаңалықтар Қызылорда облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті

Қызылорда облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4 маусым күні сағат 19.00-де Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының финалдық сайысы өтті.

Сайысқа аудандар мен қала орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынынан құралған 5 команда қатысты.

Атап айтар болсақ:

1. Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы;

2. Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»;

3. Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»;

4. Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»;

5. Байқоңыр қаласы – «Байқоңыр құрамасы»;

Қатысушылар 3 кезең бойынша (сәлемдесу , жамбыату және жұлдызды көрініс) бақ сынасып, үздік деп танылғандар жеңімпаздар атанды.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орын — Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»; 2 орын — Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»; 3 орын — Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»; және арнайы алғыс хаттармен Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы мен Байқоңыр қаласының – «Байқоңыр құрамасы» марапатталды.

Exit mobile version