Зейнетақы жинағын пайдалану шегі қайта есептеледі

Басқа ақпараттар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Виктория Шегай зейнетақы жинағындағы ақшаның жаңа жеткіліктілік мөлшері қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Jas.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Қаулы ресми жарияланғаннан кейін БЖЗҚ жеткіліктілік мөлшерін есептеп, күнтізбедегі 10 күн ішінде жариялау керек. 25 мамырда қаулы шықты деп есептесек, ертең-ақ деген сөз, — деді вице министр Сенат кулуарында.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев елдегі БЖЗҚ жинағының жеткілікті шегі бойынша енгізілген өзгеріске қатысты түсінік бергенін жазған едік.

— Еңбек министрлігі өз құзыреті шегінде ережелерге түзетулер енгізумен айналысты. Қолданыстағы формула 9 көрсеткіштен — ең төменгі жалақыдан, ең төменгі зейнетақыдан және басқа да көрсеткіштен тұрды. Жаңа формула 5 көрсеткіштен тұрады. Онда 9% жылдық табыстылық мөлшерлемесі, ай сайынғы төлемдер бойынша жылдық индекстеу мөлшерлемесі және өз де көрсеткіштер қамтылды. Енді ережеге енгізілген өзгеріске сәйкес, заңнама аясында БЖЗҚ 10 күн ішінде 20-дан 63 жасқа дейінгілерді қамтитын және әрбір жасқа арналған тиісті жеткіліктілік шегін анықтайтын есеп-қисапты ұсынады. Бұл есептеулерді аталған қор іске асырып жатыр. Бізге бұл есептеулер әлі ұсынылмады, — деген ведомство басшысы.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз