4-8 қыркүйек аралығында Алматы облысының Талғар қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының құрама командалар базасында «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі» өтеді.
Халықаралық жастар турнирі осымен 10-шы рет өткізілгелі отыр. Мерейтойлық жарысқа 17 жасқа дейінгі футболшыларын әкелген сегіз команда қатысады. Бұрын қатысуға ниет білдірген, ресми ойындарға дайындалып жатқан Түрікменстан құрамасының орнына ҚР Президентінің Кубогында U16 және U17 құрамаларынан жасақталған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды. Команданы қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы атақты футболшысы, «Қайсар», «Тараз» клубтарында қызмет еткен, сондай-ақ «Байқоңыр» ФК бас бапкерінің бұрынғы ассистенті Ерлан Махамбедиев баптайды.
Айтулы турнирдің финалы Алматының Орталық стадионында ойналады.