Среда, 5 февраля, 2025
No menu items!

Түркістанда туризм бойынша Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

Басқа ақпараттар

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және байқаушы елдер өкілдерінің басын қосқан семинар-тренинг өтті. Іс-шара өзара тәжірибе алмасуға және туризм саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға бағытталды.

«Түркістандағы семинар туризм саласындағы Түркі мемлекеттері ұйымы елдері арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Бірлескен жұмыс экотуризмді дамыту және елімізге шетелдік туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев

Семинарда экотуризмді дамыту және сала мамандарын даярлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің жұмысына ерекше назар аударылды. Айта кетейік, университет Орталық Азияның туристік саласына мамандар даярлайды.

Соңғы жарияланымдар

Хәкім Зиеш ат басын Катарға бұрады

31 жастағы ойыншы «Әл-Духаил» сапына ауысуға жақын. Катардағы бір жылда алатын жалақысы шамамен 7,5 млн еуроны құрайды екен. Сондай-ақ бонустары да...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз