Наурыз айының екінші жартысында SD Family мен Жайдарманның футболдан жолдастық кездесуі өтеді. Бұл туралы Есен Елеукен өзінің YouTube парақшасында мәлім етті.

SD Family ресми парақшасынан

«Наурыз айының екінші жартысында SD-Family мен Жайдарманның бұрынғы ойыншылары бар, қазіргі ойыншылар бар, солардың арасында жолдастық кездесу өтеді. Жаттықтырушы мен емес, басқа адам болады», деді Есен Елеукен.

Оның айтуынша, ойыншылар өздері қызығушылық танытып, хабарласып жатыр.