Былтыр Президент ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын жастар ұйымы етіп қайта құруды тапсырды. Осылайша «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі құрылды. Оның мақсаттары мен міндеттері туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали айтып берді.
Олардың ішінде ең бастысы — жастар бастамаларын дамыту, жастар ортасында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін арттыру.
«Жаңғыру жолы» қозғалысы аясында іске қосылған «Этноfashion», этникалық ойындар марафоны, «Мәдениетаралық диалог» жобасы, жастар лагері және т.б. жаңа жастар ұйымы желісі бойынша жаңа бастамаларды ілгерілету үшін жақсы алаңға айналды», — деп атап өтті спикер.