Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!
Басты бет Жаңалықтар Бизнеске берілетін жеңілдетілген қаржы: Шарттар қандай?

Бизнеске берілетін жеңілдетілген қаржы: Шарттар қандай?

462
Мемлекет басшысы орта және шағын бизнес үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды. Өнеркәсіпті дамыту қоры энергетика министрлігімен бірлесіп, 50 және 200 млрд теңгеге 2 бағдарлама әзірледі. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында олардың ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Бұл бағдарламалардың шарттары: 50 млрд теңгеден, шағын және орта бизнес үшін ақша қолжетімді болады деп отырмыз, жобалардың көлемі 50 млн-нан 1 млрд теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме — 3%. Бұл мемлекет қазір бизнеске бере алатын жеңілдетілген қаржы. Қаржыландыру мерзімі — 7 жылға дейін. Осы бағдарлама аясында біз ШОБ тарапынан ортақ қаржыландыруды күтеміз және жалпы жыл ішінде осы бағдарлама бойынша 60 млн бағыттауды жоспарлап отырмыз. Шарттар стандартты, бизнес-жоспар жазу керек, нарықты көрсету керек және осы жобалар қандай шарттарда жүзеге асырылады, қанша жұмыс орны құрылады және осы жобаларды іске асыруды ескере отырып, бюджет үшін қандай нәтиже болады. 200 млрд теңгеге келетін болсақ: ол 3 млрд теңгеден аса ірі жобаларға есептелген, мұнда қаржыландыру мерзімі 20 жылға дейін, 7%-бен. Өңдеу өнеркәсібінің жобалары да іске асырылатын болады. Осы 200 млрд-қа нарықтан қосымша 30% тартуды ұйымдастырамыз. Нәтижесінде бағдарламаға 285 млрд теңгеден астам қаржы бағыттаймыз деп күтілуде. Бұл қаржыны бір жылда игеру көзделген. Сондықтан алдымызға осындай өршіл міндет қойдық, бизнес тарапынан нақты жобаларды, өтінімдерді күтеміз, оларды қарауға дайынбыз. Осы мақсаттар үшін бұл жобаларды қарау процесін оңтайландыратын боламыз, 2 ай ішінде әрбір жоба бойынша шешім қабылданады және егер жобалар біздің талаптарымызға сәйкес келсе, қаржыландыруды бастауға дайынбыз», — деп атап өтті спикер.

Бұл жобалар есебінен өңдеу өнеркәсібінде 10 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жүзден астам жобаны іске асыру жоспарланған.

Дереккөз: OrtCom