Среда, 4 июня, 2025
No menu items!

Талдықорғанда рухани керуен жолға шықты

Басқа ақпараттар

Талдықорғанда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында рухани керуен жолға шықты.

Зиялы қауым өкілдерінен құралған топ Алматы облысын аралап, 16 аудан мен 3 қаладағы ағайын тынысымен танысады. Сондай-ақ өздері де Президент мақаласындағы бағыттарды түсіндіріп, түрлі мәдени және рухани маңызы бар кездесулер ұйымдастырады. Рухани керуен құрамына әр түрлі саладан 50-ге жуық маман кіріп отыр. Сапар барысында жетісулықтар назарына сурет пен кітап көрмелері, концерттік бағдарламалар мен «Дертке дауа-хақ жолы» атты қойылымдар ұсынылмақ.

Керуенге сәт сапар тілеген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, бұл жалпы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы 100-ден астам жобаның бірі. Шараның мақсаты  Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін  ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау дейді, — облыс әкімінің орынбасары.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «STUDENT LIFE» Жайдарман ойыны басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен НАРХОЗ Университетінде студент жастар арасында республикалық «STUDENT LIFE»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз