Басты бет Жаңалықтар «Беташар» ЮНЕСКО тізіміне енді

«Беташар» ЮНЕСКО тізіміне енді

Парагвай астанасында «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды.

-Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, — деп жазды Қарин.

Осыған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.

Exit mobile version