Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

«Үкіметке тәуелді емеспіз»: АҚШ-та қазақ газеті жарық көрді

Басқа ақпараттар

Америка Құрама Штаттарында «Kazunite» халықаралық онлайн қазақ газеті жарық көрді, деп хабарлайды Elorda.info.

Біз Еуропадан, соның ішінде Англия, Польша, Нидерланд, Италия, Түркия, Қазақстан және АҚШ-тан хабар таратамыз. Негізгі редакциямыз Нью-Йоркте. Біздің мақсатымыз – елге қажетті пайдалы ақпарат беріп, ағартушылық қызмет көрсету, тұлға ретінде дамуға мотивация беру, жан-жақты ақпаратпен оқырманды сыни ойлауға жетелеу, танымдық материалдар жариялап, жастардың көкжиегін кеңейтуге үлес қосу. Біз – мультимедиялық ақпарат құралымыз. Үкіметтік мекемелерге тәуелді емеспіз. Өз мақсатымызға тәуелдіміз. Бізде цензура жоқ. Цензура – өз арымыз бен ұятымыз, – дейді аталмыш газеттің негізін қалаушылардың бірі, журналист Нәзира Байырбек.

Сондай-ақ жоба құрамында Айжан Көшкенова, Роза Мизанбай, Гүлжаз Қарыбек, Гүлшекер Қуанбай, Гүлмира Аймағамбет және Нұрдәулет Кәкіштегі секілді тілшілер бар.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img