«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның жастар қанатының белсенділерімен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, партияны трансформациялау жүріп жатқан кезеңінде «Jas Otan» жергілікті жерлердегі жастардың проблемаларын шешуге бағыталған жұмысты бұрынғыдан да күшейтіп, оны күн тәртібінен түсірмеуі тиіс.

«Қазіргі уақытта партия жастардың, оның ішінде NEET санатындағы жас буынның түйінді мәселелерін анықтау бойынша кешенді талдау жүргізуде. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жаңа жастар бағдарламасы әзірленіп, ол «Jas Otan» форумында қабылданады», делінген жазбада.