21 қараша күні 22-ші әлем біріншілігі Сенегал – Нидерланды ойынымен басталады. Неге алаң қожайыны бастамайды? Себебі, алғашқы ойын жергілікті уақытпен түскі 1-де басталады. Шаңқай түсте ашылу салтанатын отшашусыз елестету қиын. Сондықтан Катар – Эквадор ойыны кешкі 7-де басталады.

Жалпы футбол тарихында алаң қожайындары чемпионаттың алғашқы ойынын 8 рет қана бастаған.

1950 жыл. 🇧🇷Бразилия – 🇲🇽Мексика 4:0
1958 жыл. 🇸🇪Швеция – 🇲🇽Мексика 3:0
1966 жыл. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия – 🇺🇾Уругвай 0:0
1970 жыл. 🇲🇽Мексика – КСРО 0:0
2006 жыл. 🇩🇪Германия – 🇨🇷Коста-Рика 5:2
2010 жыл. 🇿🇦ОАР – 🇲🇽Мексика 1:1
2014 жыл. 🇧🇷Бразилия – 🇭🇷Хорватия 3:1
2018 жыл. 🇷🇺Ресей – 🇸🇦Сауд Арабиясы 5:0

4 әлем чемпионатының алғашқы ойынында бірнеше кездесу қатар өткен.

1934 жыл — 2 ойын
1934 жыл — 8 ойын
1954 жыл — 4 ойын
1962 жыл — 4 ойын

1974-2002 жылдар аралығында біріншіліктің алғашқы ойынын әлем чемпиондары бастаған. Соңғысы: 2002 жыл. 🇨🇵Франция – 🇸🇳Сенегал 0:1

Тарихта 1 рет қана әлем чемпионатының алғашқы ойыны овертаймға ұласқан.
1938 жыл. 🇩🇪Германия – 🇨🇭Швейцария 1:1