«Президенттің жастар кадр резерві жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Мен де жастар кадр резервінің мүшесі болғаныма өте қуаныштымын. Бұл жерде тек қана кәсіби өсу ғана емес, өзіңе шынайы жанашыр достар, ет жақын таныстар табасың.
Сен сияқты ойлай білетін, мемлекет үшін жұмыс істегісі келетін адамдармен кезедесесің және сол адамдармен бірлесе отырып жақсы жобаларды, идеяларды жүзеге асырасың.
Сондықтан, Президенттік жастар кадр резервін тек қана байқаудың арнайы кезеңі деп қарауға болмайды. Ол ел тағдырына бей-жай қарай алмайтын және мемлекетті жақсы жағына өзгерткісі келетін жастардың қауымдастығы. Оларды солай қабылдау керек деп ойлаймын» — дейді Динара Сәдуақасова.
Сондай-ақ ол еліміздегі Мемлекеттік жастар саясатының дамуына «жақсы» деген баға берді.
«Жастар үшін бірнеше ұтымды жоба жасалды. Мысалы, жастардың үй алуына, білім алуына гранттар бөлініп жатыр. Өз кәсібін ашқысы келетін жастар үшін де біраз мүмкіндік бар. Бірақ, әлі де шешімін таппаған мәселелер туындауы мүмкін. Сол себепті, алдын алу шараларына мән берген жөн» — дейді ол.