Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова nege.kz-те «Жастар мемлекеттен жеткілікті деңгейде қолдау алып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Бұл туралы бірінші сұрақта да жауап беріп өттім. Бізде жастарды қолдауға мүмкіндік беретін бағдарламалар аз емес. Бірақ, кейбір жастар ол жайлы білмейді. Сондықтан оның мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды.

Бағдарламалардың да сан жағынан мүмкіндігі шектеулі. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жыл сайын жастарға мың пәтер беріледі. Мың пәтердің өзі өте жақсы бастама. Алайда, мұқтаж жастардың барлығына бірдей жетпейді. Сол себепті мұндай бағдарламалардың санын арттыру керек деп ойлаймын», деді Динара Сәдуақасова.