Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысының полициясы «Жақсылықтың қайтарымы» акциясын бастады

Басқа ақпараттар

Алматы облысының полициясы Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай «Жақсылық қайтарымы» акциясын бастады.

Акция аясында полицейлер Текелі қаласында орналасқан «Шапағат» қарттар үйіне барып қайтты. Онда облыстық ішкі істер департаментінің вокалды-инструментальды ансамблі концерт қойды.

«Бүгінгі концертімізді Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай ұйымдастырдық. Ардагерлер үшін арнайы репертуар таңдадық. Акцияның атауы «Жақсылық қайтарымы» болғандықтан, бұл шарамыз қариялардың бізге жасаған жақсылығын қайтаруымыздың ең кіші бір бөлшегі деп білеміз»,- деді ІІД кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы Арман Құрманғалиев.

Концерт барысында зейнеткерлер өздеріне таныс әуен ырғағына медициналық қызметкерлермен бірлесе вальс биледі. Полиция оркестірінің әрбір әніне қошемет көрсеткен қарттарымыздің өздері де ән шырқап, белсенділік танытты.

«Полицейлер бізге жиі келіп тұрады. Ән шырқап, көңілімізді көтереді, музыкалық инструменттердің сүймелдеуімен танымал композицияларды орындайды. Яғни ардагерлердің бос уақытын жақсылықпен, әдемі қойылыммен өткізгісі келеді. Өз тарапамыздан Алматы облысының полицейлерін 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз», — деді Текелідегі «Шапағат» орталығы директорының орынбасаы Ильмира Мәжітова.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img