Басты бет Жаңалықтар Көгілдір отын көпшіліктің игіліне айналды

Көгілдір отын көпшіліктің игіліне айналды

Осыдан біраз бұрын Үкімет басшысының Алматы облысына арнайы жұмыс сапары кезінде облыс орталығы – Талдықорған қаласындағы тұрғындардың алғашқы легі табиғи көгілдір отынға қол жеткізгенін хабарлаған едік. Одан бері де ай­дан астам уақыт өтті. Жетісудың бас қа­ла­сын газдандыру жұмысы қарқынын жо­ғал­тқан жоқ. Дегенмен азды-көпті түсін­бес­тіктердің көрініс беретіні де өтірік емес. Осыған орай аса маңызды жобаның жүзеге асу барысын өз көзімен көрмекке ниеттенген облыс басшысы Амандық Баталов қаланы көгілдір отынға қосудың жағдайымен жан-жақты танысты.

«ЖетісуОблГаз» ЖШС-нің директоры Владимир Тохтасуновтың айтуына қарағанда, қалаішілік желілерді төсеуге 200-ден астам адам жұмылдырылған. Бірінші кезекке жос­парланған жұмыстар қыркүйекте аяқ­та­лу­ғ­а тиісті болса, бүкіл қаланы көгілдір отын­ға қосу келер жылы бітеді деп болжа­нып­ты.

Халық асыға күтіп отырған газбен қамту бойынша алдағы кезге белгіленген межеден көріну мақсатында жұмыс күшін барынша арттыруды тапсырған облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмыс жүргізудің арнайы кестесін жасауды және оны бұлжытпай орындауды қатаң ескертті.

– Талдықорғанды табиғи көгілдір отынға қосу – қала үшін ғана емес, бүкіл өңіріміздегі өте маңызды жоба екенін естен шығар­ма­ңыздар. Сондықтан да алға қойыл­ған мақсат үддесінен шығуда атқарылған жұмыстың көлемі мен сапасын күнделікті назарда ұстап отырған жөн. Бұлардың барлығы жұмыс кес­тесінен көрініс табуға және алдағы мін­деттер соған сай айқындалуға тиісті. Егер қажет болып жатса, жұмысшылар санын арттырып, қарқынды барынша жеделдету керек, – деді Амандық Ғаббасұлы.

«ҚазТрансГаз» АҚ Жетісу өндірістік филиалы қаладағы «Қаратал» шағын ауданы мен 25 көшедегі абоненттерді көгілдір отынға қосуды бастап кетті. Егер 2014 жылы облыстағы елдімекендердің 73-і ғана көгілдір отынға қосылып, өңірді газдандыру 14-ақ пайыз болса, қазіргі кезде газдың қызығын көріп отырған ауылдар саны 123 болып, облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 26 пайыздан асып жығылыпты.

Exit mobile version