Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Көктемгі егіс науқаны аяқталды

Басқа ақпараттар

Көктемгі егіс науқаны Алматы облысында толығымен аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы көктемгі егістік алқабының көлемі 610,2 мың гектарды құрады. Суару жүйелерін қалпына келтіру есебінен бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,1 мың гектарға артты.

Атап айтқанда, 231,4 мың гектарға дәнді дақылдар, 164,6 мың гектарға майлы дақылдар егілген. Сонымен қатар облыстың басымдық беретін қант қызылшасы мен жүгеріге биыл да ерекше мән берілді. Тұқым себуден өнім жинауға дейінгі шаруалардың алдынан шығатын мәселелерінің барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Сапалы тұқыммен қамтамасыз ету, субсидия бөлу, сервистік-дайындау орталықтарын құру арқылы қажетті техникамен қамту, жиналған өнімді тиімді бағада өткізу ісінің барлығы да жолға қойылған. Соның нәтижесінде былтырғы жылы өңірде 6, 4 мың гектарға қант қызылшасы себілсе, биылғы жылы оның көлемі 9 мың гектарға жеткізіліп отыр. Ал дәндік жүгерінің алқабы 2016 жылы 71,1 мың гектар болса, биылғы жылы 78,6 мың гектарды құрады. Бұдан бөлек көкөніс, картоп, күріш те себіліп болды. Көктемгі егіннің жоспарланған ауқымы толық орындалды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img