Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Астаналық психологтар студенттерге емтихан алдындағы күйзелістен арылуға көмектесті

Басқа ақпараттар

№3 қалалық емхана базасында профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері елордалық білім беру мекемелерінің студенттерімен тренинг өткізді. «Стресссіз емтихан» тақырыбындағы іс-шараны астаналық емхана психологтары жыл сайын өткізеді. Биылғы жылы 350-ден астам колледж оқушылары қатысты.

Жалпы алғанда емханада 30 мыңнан астам орта және жоғары оқу орындарының оқушылары бекітілген. Олардың 0,1 %-ы жыл сайын оқу сессиясын тапсыру кезінде психологиялық көмекке жүгінеді. 16-20 жастағы жастарға қорқынышты, үрей мен жүйке кернеуін жеңе білу қиынға соғады. Медиктердің басты міндеті – жастарды емтихан алдындағы толқудан туындаған күйзеліс күйінен арылту.

«Емтихан – бұл өте маңызды үдеріс. Оның нәтижелеріне көп нәрсе байланысты. Алайда оның маңыздылығын асыра бағаламаңыз. Егер алынған баға күтілгеннен өзгеше болса, оны барлық үміттер мен ұмтылыстардың күйреуімен бірге қабылдай отырып, алға ұмтылыңыз. Емтихан алдында және уақытында өзіңізді алаңдатпаңыз, өйткені толқу тіпті жақсы зерттелген ақпаратты ұмытуға ықпал етеді. Керісінше, өзіңізді тыныштандырып, өз күшіңізге сенуге тырысыңыз», – деді Нұр-сұлтан қ. №3 Қалалық емхананың профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімнің меңгерушісі Жібек Қостанова.

 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img