Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

Астана күніне тарту ретінде жаңа тұрғын үй берілді

Басқа ақпараттар

Астана күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы 6-шағын ауданда 168 жаңа пәтердің кілттерін тапсырды.

— «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана күні қарсаңында бүгін үлкен қуанышқа кенеліп отырсыздар. Бұл жаңа шағын аудандарда күн санап тұрғын үйлер қатары көбейіп келеді. 1700 орындық жаңа мектеп салына бастады. Жақын арада жүзу бассейнінің, жеңіл атлетика манежінің құрылысын бастаймыз. Сондықтан алдағы уақытта да мұндай қуаныштар жалғаса береді деп ойлаймын. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді А. Баталов.

Қоныс иелерінің атынан сөз алған Зарина Әбішева мемлекет тарапынан жетім балаларға жасалып отырған қамқорлық үшін шынайы ризашылығын білдіріп, қоныс иелеріне ізгі тілегін білдірді.

Сол сияқты көпбалалы отбасы Гүлнар Алтыбаева мен Эльмира Ерғожанованың шаңырақтарына арнайы кірген облыс басшысы сыйлығын беріп,  құтты болсын айтты.

Аталмыш коммуналдық пәтерлерге қол жеткізгендер қатарында 15 мүмкіндігі шектеулі азамат, 33 жетім бала және өзге де 12 категория бойынша көп жылдан бері баспана кезегінде тұрған азаматтар бар.

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз