Пятница, 18 октября, 2024
No menu items!

Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция сапарға аттанды

Басқа ақпараттар

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тарихшы, ғалым, шығыстанушы Ш.Уәлихановтың жүріп өткен жерлері туралы тың деректермен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тың деректерді насихаттау мақсатында Талдықорғанда «Шоқжұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция мүшелері сапарға шықпақ.Ұйымдастырылып отырған іс — шара ағымдағы жылдың 6-11 қараша күндері аралығында жүргізілетіні жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Топ құрамында филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов, Қазақстан ұлттық арнасының меншікті тілшісі Қуаныш Қанатұлы, Жетісу телеарнасы мен Огни Алатау газетінің өкілдері, Жетісу географиялық қауымдастығының мүшелері және танымал фотограф Жеңіс Ысқабай бар.

Экспедиция ұйымдастырушысы Қанапиянов Рүстем жоспарланып отырған жерлермен шығыстанушыны қандай оқиға байланыстыратынын айтып өтті.

«Ш.Уәлиханов қызметтік жолының алғашқы жылдары, яғни 1855 ж. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортпен  бірге Семей, Аягөз Қапал арқылы Алматыға дейін жүріп өткен. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алған. Міне, осы жолмен біздің экспедициялық топта сапарға шықпақшы», — дейді ол.

Семей қаласынан бастау алатын бұл  сапар Аягөз қаласы, Алматы облысының Ақсу ауданының Қапал ауылы және  Кербұлақ ауданында жалғасын таппақ.

Айта кету керек, алдағы уақытта құрылған топ мүшелері Қырғызстандағы Ыстықкөлге, Ресейдегі Омбы қаласына және Қашқарияға баруды жоспарлап отыр.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img