Алматы облысынан шығатын пайдалы сусын жайлы не білеміз?

2907

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берген болатын.

Президент бекіткен нақты 10 Ұлттық жоба тізбесінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар бар.

Осы орайда, Алматы облысындағы «ZHANTAQ tea» компаниясы түйе жантағынан әлемде баламасы жоқ, денсаулыққа пайдасы зор табиғи сусын жасап шығарды.

Барлық қажетті сынақтан сәтті өтіп, халықаралық стандартқа сәйкес және «Халал» сертификатын алған өнімді «Асар-үме» қайырымдылық қоры да бекіткен.

Сонымен қатар, сусынның KAZ ECO PATROL экологиялық сапа белгісі бар: ол өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде қоршаған ортаға экологиялық зиян келмейтініне кепілдік береді.

Құрамында 13 аминқышқылы бар теңдессіз антиоксидант инсульт пен инфаркттан қорғануға, иммундық жүйені күшейтуге, қан тамырларын нығайтуға, ағза жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Шайдың қаптамасына да ерекше назар аударылған: сусын барлық пайдалы қасиетті сол қалпында жеткізуге мүмкіндік беретін алюминийден жасалған арнайы қорғаныс қақпағы бар стерильденген шыны ыдыстарға құйылады.

2021 жылдың 4 қарашасында Алматы қаласындағы Rixos қонақүйінде «ZHANTAQ tea» сусынының ресми таныстырылымы өтті.

Пресс-конференцияға компания директоры Жанат Джұмабайұлы, компания технологы Қайрат Маратұлы және бас инженері Евгений Бурик, «Нутритест» ЖШС директоры Айгүл Шәріпбаева, «Асар-үме» қоғамдық қорының негізін қалаушы Мұхаммед Магди, белгілі дәрігер, физиопульмонолог Зоя Салимовна және аталған сусынды ішіп, дертінен айыққан азамат спикер ретінде қатысып, белгілі кәсіпкерлер мен блогерлер, қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен спортшылар, сондай-ақ журналистер қонақ болып келді.

Шара қатысушылары адам денсаулығы үшін пайдазы орасан зор шайдың құрамы, жасалу жолы және пайда болу тарихы туралы ақпарат алып, тың мәліметтермен таныс болды. Қонақтар ғажайып «ZHANTAQ tea» сусынының дәмін татып қана қоймай, сыйлықтарға ие болды.