Пятница, 18 октября, 2024
No menu items!

«TilBil» платформасы шет тілі курстарын тегін оқытуда

Басқа ақпараттар

Қазақстанда тұңғыш отандық тіл  платформасы жарыққа шықты.  TilBil Online Education компаниясы  шет тілдерін қазақ тілінде үйрететін  платформа арқылы азаматтарға ақысыз тіл үйрену мүмкіндігін беріп отыр. Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерінің  А1, А2  деңгейлерін тегін оқуға болады.

 

TilBil шет тілдерін қазақ тілінде онлайн оқытатын  еліміздегі алғашқы компания.  Компанияның  негізі 2017 жылы қаланған. Алдымен ағылшын тілін жаңа методика бойынша оқытып бастады.  Қазіргі  таңда тілдер саны 5-ке дейін көбейген. Жақын арада 10 тіл курсына  жеткізуді жоспарлап отыр. TilBil-ден тіл үйренушілердің  қатарында  Қазақстан  халқымен қоса, көршілес елдерден Өзбекстан, Қырғызстан және қандастарымыз көп шоғырланған Қытай, Моңғолия және Еуропа  елдерінен  қатысушылар бар.

 

TilBil платформасы – қазақстандық  ІТ жоба, тұңғыш тіл платформасы. Платформаны кез келген  мобильді  телеофонында қолжетімді. IOS пен Android жүйелері қолдайды. TilBil қолданушылары тіл курстарын  тегін  оқу мүмкіндігіне ие. Ол  үшін  бар болғаны платформаны жүктеп, тіркеліп, FREE (тегін) пакетін таңдайсыз. Бір ай ішінде өзіңізге ыңғайлы кез келген  уақытта сабақтарды ақысыз қарай берсеңіз болады.

 

Интерфейсі ыңғайлы, түсінікті  платформада бүгінде 15 000-нан астам адам оқып жатыр. Алғашқыда 10 000 адамды тегін оқытуды жоспарлағанымен, платформа әлі  де қазақстандықтардың курстарға ақысыз қатысуына мүмкіндік жасап отыр. Платформа арқылы шет тілі  курстарын оқып, арнайы сертификатқа қол жеткізуге болады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img