Жас кәсіпкерлер жергілікті «Астана бизнес 2» бағдарламасына салалық шектеусіз қатыса алады. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Несиенің ең көп сомасы: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңге; жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – 100 млн теңге. Қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру – 3 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,5% аспайды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, толық кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүгінуге болады: www.damu.kz немесе жедел желі бойынша 14-08 нөміріне хабарласуға болады.