Понедельник, 26 мая, 2025
No menu items!

Атыраулық төреші әлем бойынша «Жылдың үздік төрешісі» деп танылды

Басқа ақпараттар

Атыраулық Манап Қабдиев әлемнің үздік төрешісі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында IMMAF халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы 2021 жылды қорытындылап, әлемнің ең таңдаулы спортшылары мен төрешілерін анықтаған болатын.

«Атыраулық төреші Манап Қабдиев «Жылдың үздік төрешісі» аталымында үздік деп танылды. Ол 2014 жылы WMMAA санатында халықаралық дәрежедегі төреші атанған еді.

Сондай-ақ, 2019 жылы IMMAF санаты бойынша халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды. Әлемнің Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Чехия, Оңтүстік Корея, Ресей, Макао, Бахрейн, Болгария секілді елдерінде өткен чемпионаттардағы жекпе-жектерге төрешілік етті», — деп хабарлады облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз