Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы IBF/IBO/WBA Super титулдары сарапқа салынатын жекпе-жектің баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады Prosports.kz.

Баспасөз жиынында сөз алған отандасымыз алдағы кездесу туралы ойын айтты.

«Маған мұндай мүмкіндік берілгеніне өте ризамын. Жапонияда болу мен үшін үлкен мақтаныш. Муратамен титулды жекпе-жек өткізгелі отырғаныма қуаныштымен. Риотаны адам ретінде қатты құрметтеймін. Жекпе-жекке дайындалуға жеткілікті уақыт болды, жақсы дайындалдық. Тамаша жекпе-жек өткіземіз. Әлемде жағдай шынымен қиын. Мұндай деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру көп күш-жігерді қажет ететінін түсінемін, сондықтан промоутерлерге және осы шоуды ұйымдастыруға көмектескен Жапония үкіметіне алғыс айтамын. Осы кешті асыға күтіп жүрген жандардың үмітін ақтайтын жекпе-жек өткізгім келеді», – деді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Мурата – Головкин жекпе-жегі 9 сәуірде Жапонияның Сайтам қаласында өтеді.