«Грэмми» сыйлығының иегері, саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Концерт Еуропа мен Америка қалаларында өтеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Музыкант алдағы концерттердің кестесін Instagram-парақшасында жариялады.

«Рахмет» турын өткізетінімізді қуана хабарлаймыз.  Сіздің қалаңызға барар күнді өткізіп алмаңыз, – деп жазды Иманбек.

Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте өтеді.