Басты бет Жаңалықтар Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында 7 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, күндіз оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

7 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с. г. Атырау: 07 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

7 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстік жартасында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

7 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Exit mobile version