Басты бет Жаңалықтар Туризм Әлемнің ең әдемі 10 қаласы

Әлемнің ең әдемі 10 қаласы

Басты суретке қарап, Астана да бұл тізімде деп ойлап қалған шығарсыз. Болашақта Қазақстанның астанасы да мұндай жазбаларда табылар деген үмітпен салынған еді.

Қалалардың, ел астаналарының көркі күн санап артып келе жатыр. Ал түнгі қаланы көргенде жүрегін тоқтап қалатын іспеттес. Романтик емес адамның өзін сезім әлеміне жетелеп алып кетеді. Сондай ең керемет деген қалалардың тізімін бұл топтамада ұсынамыз.

Рио-де-Жанейро

Оңтүстік Америкада орналасқан бұл қала аумағы бойынша үлкен болмаса да, танымалдығы жоғары. Қаланың екінші аты — «Ғажайып қала». Қала карнавалды дүркіретін тойлауымен атақты. Ал қаланың символы Құтқарушы Христостың мүсіні — әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі.

Токио

Халық тығыздығы жоғары қаланың күнделікті тіршілігі қарбалас. Себебі, әлемдегі ең көп жалпы ішкі өнім шығаратын астана. Қаржылық орталық аталған қаланың түнгі көрінісіне көп қаржы жұмсалатыны белгілі.

Торонто

Канададағы ең үлкен қала статусын иеленген. Көпұлтты қалада 100-ден аса этнос өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі Канадаға көшіп келгендер екен.

Ванкувер

Аса биік ғимараттарымен өзге қалалардай мақтана алмаса да, бұл қала «The Economist» басылымының «Ең үздік қала» атағына үш мәрте ие болған.

Чикаго

Американың үшінші ірі қаласы. Оның атауы осы жерді бұрын мекендеген тайпалардан бері сақталып қалған. Оны «жел қала» деп те атайды.

Нью-Йорк

Әлемдегі ең урбандалған қала. Сары такси – Нью-Йорк қаласының ерекше белгісі. Мұнда әлемдегі ең ірі бұқаралық ақпарат құралдары орналасқан.

Сан-Франциско

Танымал туризм орталығы. «Батыстағы Париж» деп аталатын қалада қанша рет жойқын жер сілкіністері болса да, әдемі қала статусынан айырылған емес.

Париж

«Махаббат қаласы», «арман қала» аталып кеткен қаланың символы — Ейфель мұнарасы. Ол халықаралық көрмеге арнайы салынғандықтан, оны 20 жылдан кейін бұзып тастау жоспарланған. Алайда бүгінде ол тек Париждің емес, Францияның символына айналды.

Лондон

Бір Лондонда 300-ден аса тілде адамдар сөйлесуі мүмкін деседі. Қаладағы ғимараттардың жартысынан көбі ХХ ғасырдың бірінші бөлігінде салынған.

Дубай

Қала екі бөлікке  Хор-Дубай шығанағымен бөлінген. Біреуі бизнес орталығы болса, екіншісі туризм орталығы ретінде мемлекетке қызмет етеді.

Сымбат Төлекберген

 

Exit mobile version