“Jaidarman Stand Up” фестивалі өтеді

262

12 қазан күні, сағат 19:00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ауқымды көлемдегі “Jaidarman Stand Up” фестивалі өтпек.

Кеш барысында сіздер талантты жас әзілкештермен бірге, танымал Stand Up комиктердің де өнерін тамашалай аласыздар.

Фестиваль Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, “Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ ұйымдастыруымен өтеді. Қызықты кештен құр қалмаңыздар!