Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

ӘЖЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФИТНЕС

Басқа ақпараттар

Салауатты өмір салтын ұстануға жас үлкендігі де кедергі емес. Астана қаласындағы әжелер фитнеске аптасына 2 рет келеді. Әжелер фитнесінде егде тартқан жандарды жаттықтыруға арналған арнайы бағдарлама бар. Кәсіби фитнес-тренерлер осы бағдарлама негізінде әжелерді 1 сағат бойы спортқа баулиды.

35 жылын білім саласына арнаған Айсұлу әжені фитнеске қызы алып келіпті. 70 жастағы зейнеткер бұрынғымен салыстырғанда қазір өзін едәуір жақсы сезінетінін айтады.

Айсұлу ҒАББАСҚЫЗЫ, зейнеткер

Осыдан екі ай бұрын осындай әжелерге арналған клуб ашылып жатыр деген соң, естіп, келіп, жазылып, міне, екі айдай болды қатысып жүргенімізге. Тіземіз ауыратын еді екінші этажға шыққанда. Дұрыс көтеріле алмайтын едік. Қазір жақсы әжептәуір көтерілеміз. Тіземіз ауырмайтын сияқты. Сондықтан әрі қарай жақсы болады деген ойдамыз, бәрімізге зор пайдасы тиеді деген.

Мұнда кардиожаттығулармен қатар буындарға арналған жаттығулар да жасалады. Ал гантельдің көмегімен зейнеткерлер бұлшық етін қатайтады. Әжелер ырғақты әнге би де билеп шынығады.

Эльмира ҚУАНЫШҚЫЗЫ, әжелер фитнесі жобасын ұйымдастырушы

 Әжелерге арналған фитнес – салауатты өмір салтын ұстанудың бір жолы. Бізге 58 жастан асқан әжелер келеді. Қазіргі таңда ең үлкен әжеміз 74 жаста. Бір сағат бойы әжелер денені шынықтырады. Басты мақсатымыз – қартаюмен, қарттықпен күресу, денсаулықты жақсарту. Оған қоса, әжелер фитнеске келгенде бір-бірімен әңгімелесіп, көңілдерін көтеріп, өлең айтып, уақыттарын пайдалы өткізеді.

«Тәні саудың – жаны сау», — демекші, бұл фитнесте қарттыққа қарсы психологиялық эффект те жоғары. Себебі, әжелер өздерін іштей анағұрлым жас сезінеді. Әрдайым формада болуға тырысатын олар сымбаттылығын сақтайды. Осылайша, спортпен шұғылдану арқылы кәрілікпен ілесе келетін көптеген ауруға қарсы тұруға болады. Оған қоса, әжелер жүйке жүйеcі мен тыныс алу жолдарын жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.

Қариялар мұнда тек жаттығып қана қоймайды, шәй ішіп, өзара сөйлесіп, іштегі сырын тарқатады. Замандастар ән де шырқап, қызықты отырыстар жасайды.

Сымбат Жанатқызы Төлекбергенова,

журналист 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img