Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ Instagram парақшасы тұрғын үйге онлайн кезекке тұруға қалай өтініш беруге болатыны туралы нұсқаулық жариялады.

Ол үшін не қажет:
1) Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);

1-қадам:

1) egov.kz порталына кіреміз;

2) Сіздің алдыңызда порталдың барлық бөлімдері шығады, «Жылжымайтын мүлік» қызметін таңдаймыз;

3) Осыдан кейін сіздердің алдарыңызда «Жылжымайтын мүлік» қызметтері шығады, олардың ішінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»қызметін таңдайсыз.

4) «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін;

Әрі қарай сіздің алдыңызда екі қызмет шығады:
1) кезекке қою;
2) кезекте тұрғандар туралы мәліметтерді өзгерту;

Сіз «Кезекке қоюды» таңдауыңыз керек.

2-қадам:

6) Сіздің алдыңызда бос өрістер пайда болғаннан кейін деректерді толтыру қажет.

7) Содан кейін қолайлы санатты таңдаңыз.

8) Ішкі санатты таңдаңыз.

9) «Негіздеме» бөлімінде «ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үйдің болмауын» таңдау қажет.

10) Деректерді толтырамыз: телефон нөмірі, электрондық пошта, ЖСН.

11) «Туыстық дәреже» бөлімінде отбасы мүшелері болған жағдайда міндетті түрде көрсетеміз.

12) Назар аударыңыз: «Жұмыс орны» бөлімін «Мемлекеттік қызметші» ретінде тұрғын үйге кезекке тұрғысы келетін өтініш берушілер ғана толтырады.

3-қадам:

13) Өтінімге ЭЦҚ кілтімен қол қоямыз;

Нәтижесі:

Өтінім толтырылып, жіберілді. Өтінімнің мәртебесін жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы»бөлімінде көруге болады. Өтінімді тұрғын үй басқармасы 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды, жауап есепке қою немесе қоюдан бас тарту түрінде телефонға смс-хабарламамен келеді.