Басты бет Жаңалықтар Жүлде қоры — 100 млн теңге: Бизнес-идеялар байқауына өтінім беру басталды

Жүлде қоры — 100 млн теңге: Бизнес-идеялар байқауына өтінім беру басталды

Business Finance, accounting, contract, advisor investment consulting marketing plan for the company with using tablet and computer technology in analysis.

Startup Bolashaq атты қазақстандық бизнес-идеялар жобасына қатысуға өтінім беру басталды, оның жүлде қоры 100 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Elorda.info.

Байқауға Қазақстанның кез келген өңірінен инвестициялық қаржыландыруды талап ететін кез келген бизнес-жобалар жіберіледі. Бизнесті енді бастаған кәсіпкерлер де, тәжірибелі кәсіпкерлер де байқауға қатыса алады.

Startup Bolashaq байқауының бесінші маусымы халықаралық «Dragons’ Den» реалити-шоуының форматында өтеді.

Бұл маусымда тәлімгер ретінде Ерлан Исекешев, Мүрат Әбдрахманов, Арманжан Байтасов, Гаухар Қаппарова, Тимур Турлов, Динара Сәтжан, Бейбіт Әлібеков, Қаныш Төлеушин секілді кәсіпкерлер мен меценаттар қатысады.

Байқауға қатысуға өтінімді мына жерде толтыруға болады.

Exit mobile version