Арман Шораев: Ресей телеарналарының жұмысын тоқтату керек

260

Қоғам белсендісі Арман Шораев соңғы жағдайларға байланысты бізге әскери шұғылдануға көңіл бөлу керек екенін айтты.

Оның айтуынша, тек ұлдар ғана емес, қыздар да әскери дайындықтан өтуі тиіс.

«Соңғы жағдайларға байланысты бізге әскери шұғылдануға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Бүкіл  халық болып Швейцария, Израильдің тәсілін қолға алуымыз керек. Және біздің тек ұлдарымыз ғана емес, қыздарымыз да қаруды қалай пайдалану керектігін үйренуі керек. Отанды қорғау үшін әр қазақ батыр болуы керек, өз Отанын қорғайтын деңгейде болуы керек деп ойлаймын. Қазір бізге осы тарапта Үкімет жағынан қолдау керек», деді Арман Шораев Yesti Podcast-қа берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол ақпараттық қорғаныс жайлы ойымен де бөлісіп өтті.

«Ақпараттың қорғаныстың ең оңай жолы – Ресейдің бүкіл телеарналарының жұмысын тоқтату. Олардың жабылмауының бірден бір себебі – Үкіметтегі мақтабастардың кесірі», деді Арман мырза.