Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Talksport.com журналисі Майкл Бенсон DAZN-ға сілтеме жасап, кездесу уақытын хабарлады. Головкин мен Мурата Нұр-Сұлтан уақытымен 18:10 шамасында рингке шығады.

Айта кетейік, Головкин – Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді.

Екі боксшы да рингке ұзақ уақыттан бері шықпаған. Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда өткізсе, Мурата кейінгі рет 2019 жылы желтоқсанда жұдырықтасқан.