Биыл ҰБТ-те ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жағдайлар жасалды. ҰБТ-2022-де көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді», делінген жазбада.

Сонымен қатар, олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.