Пятница, 14 марта, 2025
No menu items!

Талдықорғандық хоккейшілер әлем чемпионатына дайындық үстінде

Басқа ақпараттар

Еліміздің көгалдағы хоккейшілері әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Айтулы додаға Қазақстанның атынан ел тарихында тұңғыш рет ерлер мен әйелдер құрама командасы қатар қатысқалы отыр. Қыздарымыз 5 рет Азия чемпионы атанса, ерлер құрамасының сары құрлықта II орын алып, әлем чемпионатына берілер жолдаманы жеңіп алғаны белгілі.

Спортшылар Талдықорғанда Мәжіліс депутаты, Қазақстанның көгалдағы хоккей федерациясының президенті Серік Үмбетовпен кездескен еді. Федерация президенті спорттың осы түрін дамытуға Алматы облыстық бюджетінен 76 млн теңге бөлінгенін және алдағы уақытта қосымша қаржы қаралатынын жеткізді.

Серік Үмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлымен сөйлесіп, бұл мәселенің бүгін шешіміне келдік. Қосымша қаражат береді. Спортшылардың жалақысы өседі. Нәтижесі болады деп есептеймін.

Наталья Гатауллина, «Бесарыс» әйелдер ұлттық құрама командасының капитаны:

— Қос құрама да әлем чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Федерация басшылығына көп рахмет! Біздің алдымызда әлемнің ең мықты 6 командасының қатарына кіру міндеті тұр. Үмітті ақтауға тырысамыз.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз