ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры қолдауымен жастармен ашық кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Осы жобаның аясында Астана гуманитарлық колледжінің студенттері Рахим Ошақбаевпен кездесті. Рахим Ошақбаев — «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры. Кездесу ашық сұхбатқа құрылды. Рахим Ошақбаев өзінің өмір жолы, тәжірибесімен бөлісті. Маңызды деген тақырыптарға тоқталып, жан-жақты мәліметтер айтылды. Тұлға ретінде даму, қалыптасу туралы сөз болды. Кездесудің екінші бөлігінде студенттер өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. 1 сағаттан аса уақытқа созылған кездесу студенттер үшін пайдалы болды. Олар түрлі ақпараттарға қанығып, жаңа дүниелермен танысты.