ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде интернет сапасы нашар өңірлерді айтып берді.

Оның айтуынша, ең нашар интернет – Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Қарағанды облысында ұсақ шоқылы жерлер бар, сондай-ақ оның бір бөлігі Ақтөбе облысын қамтыған.

«Бұл аумақтарда күрделі жер бедері болғандықтан, интернет тарту қиынға түседі. Дәл сондай мәселе Шығыс Қазақстан облысында да бар, бұл өңірлерде интернет тартуда кедергілер болады», – деді А. Оразбек Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып