Сәуір айында Жапонияның ең ірі «The Open University of Japan» университетінде орыс тілін үйрену бойынша жаңа курс ашылды. Курс бағдарламасында студенттерге Димаш Құдайбергеннің әндері ұсынылады, деп хабарлайды dimashnews.com.
Чиба префектурасында орналасқан «The Open University of Japan» – Күншығыс елінің ең танымал сырттай университеті. Онда 80 мыңға жуық студент оқиды.
Осы жылдың сәуір айында университет орыс тілін оқыту бойынша жаңа курс ашты, оның аясында студенттер Димаш Құдайбергеннің «Я скучаю по тебе», «Знай» және «Любовь уставших лебедей»атты 3 әнімен танысады.
Курс бағдарламасы әр жексенбіде BS TV-де көрсетілетін 15 дәрісті қамтиды. Курс барысында студенттер 3 сәуір мен 10 шілде аралығында Димаштың әндерін 3 рет тыңдайды.
Дәрістер тек Жапонияда таратылады.