Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Панфилов ауданын газдандыру жалғасуда

Басқа ақпараттар

Облыс әкімі Амандық Баталов Панфилов ауданындағы жұмыс сапарын жалғастырып, ауданды газдандыру барысына ерекше назар аударды.

Биылғы жылдың наурыз айында Жаркент қаласында аудан орталығының 43 мыңнан астам тұтынушысын жəне 161 өнеркəсіп, коммуналдық-тұрмыстық нысандарды газбен қамту мақсатындағы «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырынан газ құбыры бұрылысы бар «Жаркент» автоматтандырылған газ бөлу станциясы іске қосылған. Енді табиғи газ «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына да жеткізіледі. «Apl Construction» ЖШС директорының орынбасары Рустам Газизовтың айтуынша, жүзеге асырылып отырған жобалар алдағы уақытта  Үшарал, Шолақай округтерін, жалпы 19 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді. Қазір Жаркент қаласы бойынша көшелерге газ құбырларын орнату мен көшеішілік газ бөлу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс əкімі көгілдір отынға қол жеткізу халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Сол арқылы көптеген экологиялық та, əлеуметтік те мəселелерді де шешуге мүмкіндік туатынын айта келе инвесторлардың бұл ісіне ризашылығын білдірді. Дегенмен тұрғын үйлерге газ қостыру құнын қайта есептеу қажеттігін айтты. Себебі көгілдір отынға қосылу құны халықтың қалтасына тым көп салмақ салмауы тиіс.

—    Əрине, тасымал шығыны, Жаркент шалғай орналасқандықтан іссапар шығыны жəне басқа да шығындар болатынын түсінемін. Бірақ, шығынның өтеуін бір-ақ жылда қайтарып аламыз деп тұрғындарға ауырлық түсіруге болмайды. Сондықтан газ қостыру құнын қайта есептеңіздер. Инвесторлар бекітілген бағаның əр тиынын атқарушы биліктің алдында дəлелдеуі керек. Газдандырудағы ең басты талаптар сапа, сервис, қауіпсіздік жəне қолжетімді баға екенін естеріңізден шығармаңыздар,- деді облыс əкімі А. Баталов.

Газдандыру барысымен қатар «Нұр жолы» жолаушы жəне жүк өткізу пунктінің жобасы жайлы да баяндалды.

Осы күні ресми делегация Нұркент ауылындағы құрылысы аяқталған 60 пәтерлі коммуналдық екі  үйдің құрылысымен танысты. Құны 885,5 млн. теңге тұратын бұл екі үйдің құрылысын «New Construction» мердігер мекемесі жүргізді. Бұл тұрғын үйлерге ұзындығы 4,154 км болатын инженерлік-коммуникациялық жүйе тартылған. Облыс əкімі А. Баталов аудан əкімдігіне бұл коммуналдық үйлерді кезекте тұрғандар азаматтарға, əлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға беруді тапсырды. Сонымен қатар əкімге Нұркент қаласының жобасы да таныстырылды.

Сапар барысында ресми делегация «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порттың аумағында болды. Бүгінге дейін мұнда Құрғақ порт операторының, кедендік рәсімдеу орталығының, «Қорғас» АЭА басқару компаниясының ғимараттары салынып біткен. Электрмен және сумен қамтамасыз етілген. Контейнер терминалы, уақытша сақтау қоймасы және басқа да қажетті нысандар салынған. Мұнда өткен жылы 25 мыңнан астам контейнер өңделсе, бұл көрсеткіш 2020 жылға қарай 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр.

Облыс басшысы сонымен қатар «Қорғас» ХШЫО нысандарын жəне «TZHs Development» ЖШС, «Victoria city» ЖШС, «Хоргос-КАТ» ЖШС жəне басқа да инвестор компаниялардың бірқатар инвестициялық нысандарының құрылыс алаңдарында болып, бұл нысандардың құрылыс сапасы атқарушы орган тарапынан тұрақты қадағаланатынын айтты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img