Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Талдықорғандықтар табиғи газға қосылуда белсенді

Басқа ақпараттар

Табиғи газға қосылуға қатысты пікірімен қаланың Панфилов көшесінде тұратын Николай Биллер есімді азамат бөлісті. Қазіргі уақытта оның жер үйінің ауласында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жанұя отағасының айтуынша, оның отбасы алғашқылардың бірі болып табиғи газға қосылу туралы шешім қабылдаған.

— Менің отбасым қалаға табиғи газдың келгендігі туралы хабарды естігенде  өте қатты қуанды. Қазір менің көршілерім де газ жүйесіне қосылуда. Газ біздер үшін бір жағынан ыңғайлы болса, екінші жағынан өте тиімді. Менің есептеуім бойынша үйіме дейін тартылатын газ құбырының ұзындығы 20 метрден асып кетуіне байланысты барлық жұмыстарға 125 мың теңге ғана жұмсайды екенмін. Жылыту қазандығына қатысты айтар болсам, тұрғын үйім жайлы, жылы әрі тұруға қауіпсіз болуы үшін, бірінші кезекте жылыту жүйесінің сапасына назар аударамын. Ал бөліп төлеу мүмкіндігінің бары мен үшін өте ыңғайлы болды, — деп атап өтті Николай.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы директорының орынбасары Бауыржан Дүйсенов хабарлағанындай, Талдықорған қаласын газдандыру 4 кезеңге және 22 газ беру кешендеріне бөлінген. 1-кезеңнің өзі 6 газ беру кешеніне бөлінеді. Бүгінгі күні бюджет қаражаты есебінен жоғары, орта және төмен қысымды 88 шақырым газ құбыры жүйесі жүргізілген және 2 мыңға жуық жер үй мен 2 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлеріне газ құбыры тартылған. Осылайша, газ жүйесімен қамтылған абоненттер ағымдағы жылдың өзінде-ақ табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі уақытта күніне 5-6 абонент табиғи газға қосылу туралы өтінішімен жүгінуде.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы тарапынан жеке меншік тұрғын үйлерді газдандыруды жүргізіп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі күнде 58 абонент қосылуға толықтай дайын, оның ішінде жоғарыда атап өткен Николай Биллер де бар.

Б.Дүйсебековтің сөзіне сүйенер болсақ, 1 текше метр табиғи газдың құны 33,6 теңгені құрайды. Мәселен, үйдің ішкі ауданы 100 шаршы метрді құрайды деп есептесек, жылыту маусымы кезінде тұрғын үйді табиғи газбен жылыту үшін орташа есеппен 70-80 мың теңге жұмсалады. Ал қосылуға қатысты есебін шығаратын болсақ, барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қоса газ құбырының ұзындығы 20 метр болған жағдайда, әр абонент үшін 98 мың теңгені құрайтын болады. Бұл соманың ішіне жылыту қазандығы кірмейді. Қазандықтың құны 70 мың теңгеден басталып, өндіруші фирмаға, үйдің ауданына және қосымша мүмкіндіктеріне байланысты әр түрлі бағада. Мәселен, ағынды су жылыту мүмкіндігі бар жылыту қазандығын орнатқан жағдайда қазандықты су жүйесіне қосу арқылы абонент өз үйінде күнделікті ыстық суды тұтыну мүмкіндігіне ие болады.

Қала тұрғындары газ жүйесіне қосылумен қатар жылыту қазандығын қоса сатып алған жағдайда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы 3 айдан 6 айға дейінгі пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img