Пятница, 27 декабря, 2024
No menu items!

Алматы облысында бал өндірісі қолға алынды

Басқа ақпараттар

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында бал өндірісі жандануда. Биыл ауыл омарташылары 300 тоннаға дейін бал жинап, өткізуді жоспарлап отыр.

Өнімді халықаралық талаптарға сай ыдыстарға құйып, шетелге экспортқа шығаруға былтыр ашылған бал цехы мүмкіндік берді. Лепсінің балы осыдан 1 ғасыр бұрын да әлемге танымал болған. Оған 1913 жылы Ресей Императоры Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай балды Лепсіден арнайы алдырғаны туралы тарихи деректер куә. Лепсідегі бал цехы тек осы ауылдың омарташыларының балын қабылдайды. Онда да арнайы зертханада сапасын тексеріп, бірақ алады.

Ауылда 40-тан астам омарташы бал өткізуде. Кәсіпорында 15 адам еңбек етеді. Орташа жалақысы 60 мың теңге. Жұмысшылардың басым бөлігінің өз омарталары бар. Әр бір қызметкер өз қолынан шыққан өнімнің шет ел асып экспортталып жатқанын мақтан тұтады.

Флюра Ескендірова кәсіпорын ашылғалы бері еңбек етуде. Бір кездері жинаған балды қолға түскен ыдысқа салып, одан кейін оны алатын адам таппай естері шығатынын жасырмайды. Ал қазір 30 түрлі ыдысқа салынған бал Біріккен Араб Әмірліктері мен Ресейге жөнелтелуде. Бұл отандық өнімнің жаңа белеске өтуінің белгісі деген пікірде. Ал цех басшысы Фархад Абузяров бір қасық бал жинау үшін бал арасы экватордың ұзындығындай жерді ұшып өтеді. Сондай-ақ тек Лепсі ауылының балы дәрілік қасиеті жоғары екенін тілге тиек етті. Себебі дәл осы аймақта бал арасы қонатын 200-ден астам өсімдік болса, оның 40-тан астам түрі дәрілі шөптер.

Айта кету керек, Лепсінің балы Алматы облысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» байқауында  «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша бірінші орын иегері  атанды. Енді олар республикалық  байқауға  қатысатын болады.

 

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз