Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

Алматы облысының транзиттік әлеуеті артты

Басқа ақпараттар

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында Алматы облысында транзиттік әлеуетті артты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараты бойынша, бірінші жарты жылдықта тасымалданған жүк көлемі 4,7 %-ға артты немесе 89,2 млн. тонна, ал жолаушы тасымалы 7,1 %-ға өсті немесе 409,3 млн. адам тасымалданды.

Бұл көрсеткіш әлі де өсе түседі деп күтілуде. Себебі биылғы жылы «Талдықорған — Өскемен», «Үшарал — Достық», «Ұзынағаш — Отар», «Күрті — Бурылбайтал» автокөлік жолдарының құрылыс және жаңғырту жұмыстары басталады.

Жергілікті маңыздағы жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 22,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша, өңірде 14,3 шақырым жол салынып, жаңғыртудан өтсе, 35 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалуда. Орта және ағымдағы жөндеумен 150 елді мекеннің ауылішілік жолдары қамтылды. 

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз