Несиенің кешірілетіні жайлы ақпарат рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банктік қарыздары толық өтелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат – жалған, деп жазды stopfake.kz.

321

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банктік қарыздары толық өтелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат – жалған, деп жазды stopfake.kz.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі несиелік рақымшылық жасау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан несиелерді өтеу туралы фейк жаңалықтар шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды, – делінген ведомстволардың бірлескен хабарламасында.