Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының алтыншы күнінде Қазақстан тек бір спорт түрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шаңғы жарысында қыздарымыз әлем үздіктерімен текетіресе алмады. Өкінішке қарай, жарыс жолына шыққан төрт шаңғышы да топ-50 қатарына кіре алмады.
10 ақпандағы жарыс нәтижесі
Шаңғы жарысы
10 км, классикалық стильдегі жарыс. Әйелдер
Ангелина Шурыга – 52-орын (+4:02.5), Ксения Шалыгина – 53-орын (+4:03.6), Надежда Степашкина – 57-орын (+4:20.9), Валерия Тюленева – 59-орын (+4:45.8).